Қазақстан

ЖИ дәуіріндегі жоғары білім көкжиегі

Қазақстан білімнің жаңа архитектурасын қалай қалыптастырып жатыр?

Саясат Нұрбек,
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

Әлем жаңа технологиялық геосаясат дәуіріне қадам басты. ХХ ғасырда мемлекеттер шикізат, өнеркәсіп пен логистика үшін бәсекеге түссе, ХХІ ғасырда деректер, есептеу қуаттылығы, алгоритмдер мен адам капиталы негізгі факторға айналды. Жасанды интеллект маңыздылығы жағынан энергетика және қорғаныс салаларымен парапар стратегиялық ресурс болып отыр.
Әлеуметтік желілер тәжірибесі көрсеткендей, егер пайдалану мәдениеті қалыптасып үлгермей жатып технологиялар қоғамға өте шапшаң сіңетін болса, олар сенімді әлсіретіп, институттардың тұрақтылығын шайқалта алатын қабілетке ие болады. Жасанды интеллект жағдайында мұндай қатерлер салмағы әлдеқайда жоғары. Сондықтан да бүгінгі мәселе ЖИ-ді енгізу немесе енгізбеуде емес, мемлекеттің оның әлеуметтік, экономикалық және этикалық салдарын басқара алу қабілетінде болып отыр. Дәл осындай жағдайда мемлекеттің белгілі бір даму моделін таңдауы шешуші маңызға ие болады.
Қазақстан үшін бұл таңдау айқын – білім саласын болашақтың негізгі инфрақұрылымына айналдыру. Біз жоғары білім саласын оқыту тізбегінің ақырғы кезеңі ретінде емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыратын негізгі тетік ретінде қарастырамыз. Жаһандық жарыста дайын шешімдерді жалма-жан сатып алатын елдер емес, өз елінде таланттардың, зерттеулердің, стартаптар мен технологиялық платформалардың экожүйесін құра алатын мемлекеттер жеңіске жетеді.

Білім — жаңа экономика тілі

Қазақстандағы жоғары білімнің ауқымды трансформациясының негізінде осы философия жатыр. Біздің еліміз өңірде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллектіні барлық студент үшін міндетті құзырет ретінде бекітті. AI-SANA ұлттық бағдарламасы арқылы біз жекелеген пәндерді ғана емес, кадр даярлаудың тұтас логикасын өзгертіп жатырмыз. 2025 жылдың ақпан айынан бастап 570 мыңнан астам студент жасанды интеллектімен жұмыс істеудің базалық машықтарын меңгерді, ал біразырақ уақытта қамту көрсеткіші 650 мыңға дейін жетеді. 2026 жылы шамамен 100 мың студент жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді талдау және технологиялық кәсіпкерлік бағыттары бойынша тереңдете мамандандырылады. Осылайша, ЖИ-шешімдерін жасайтын инженерлердің, зерттеушілер мен әзірлеушілердің жаңа буыны қалыптаспақ.
Мұндай трансформацияның нәтижелері қазірден-ақ университеттердің күнделікті практикасынан көріне бастады. Бүгінде жоғары оқу орындарында өнеркәсіпке, энергетикаға, ауыл шаруашылығына, медицинаға, көлікке және мемлекеттік басқаруға бағытталған жүздеген ЖИ-жобалар іске асырылуда. Бұл еліміз үшін түбегейлі бетбұрыс. Қазақстан «технология тұтынушы» моделінен «шешім табушы» моделіне өтуде.

Мұндай өзгерістер білім саласының жаңа моделін қалыптастыратын үш негізгі бағытты айқындауға мүмкіндік береді

  1. Оқытуды тұлғаға бағыттау тәсілі: әр студенттің өз жолы бар

Бірінші бағыт білім үдерісінің барған сайын жалпыланған бағдарламаға емес, нақты бір адам төңірегіне шоғырлануымен байланысты. Даралау білім беру процесінің жаңа нормасына айналады. Жасанды интеллект әрбір студенттің қарқынына, қызығушылығына және қажеттіліктеріне қарай жеке траектория қалыптастырады. Бұл саладағы технологиялық ең жетік шешімдердің бірі – Қазақстан-Америка еркін университетінде құрылған ЖИ-лектор (KAFU AI Ústaz) жобасы болды.

ЖИ-лектор: ЖИ курстарды, дәрістер мен жеке траекторияларды қалай жасайды?

Бұл жоба ЖИ-дің оқытушының бірсарынды жұмысын өз мойнына ала отырып, сонымен бір мезетте студент мүмкіндіктерін кеңейте алатынын көрсетеді. Платформа оқу контентін жасаудың толық циклін автоматтандырады:

  • жүктелген материалдар негізінде курс құрылымын қалыптастырады;
  • тестілер мен тапсырмалар жасайды;
  • виртуал оқытушымен видеодәрістерді үш тілде синтездейді;
  • конспектілерді, презентацияларды және субтитрлерді автоматты түрде дайындайды;
  • Moodle және Platonus жүйелерімен интеграцияланады;
  • үлгерімдерін талдап, студенттерге жеке-жеке ұсынымдар әзірлейді.
    Бұл шешім оқытушылардың еңбек шығынын 50–60%-ға қысқартып, видео-контент жасау құнын 70%-ға төмендетеді және студиялар мен техникалық командаларсыз-ақ онлайн-курстар жасай алады.
    Мінеки, икемді, ауқымды және дараланған жаңа білім моделі осылай қалыптасып жатыр. Айта кетерлігі, дараландырумен қатар университеттердің экономиканың нақты секторына енуі де аса маңызды.

2. Білімнің нақты экономикамен интеграциясы: университет – өнімділік өсімінің нүктесі

Екінші жаһандық тренд – университеттер мен өнеркәсіп арасындағы байланыстың тереңдеуі. Қазақстанда бұл байланыс қазірдің өзінде бизнес, мемлекет және инфрақұрылым үшін нақты шешімдер әкелуде. Осындай интеграцияның бір мысалы ретінде Қазақстан-Британ техникалық университетінде құрылған KOZ-AI стартапын айтуға болады.
KOZ-AI – бұл:

  • бизнес-процесті автоматтандыратын;
  • ұйымдардың операцияларын басқаратын;
  • цифрлық қызметкер функцияларын орындайтын;
  • мемлекеттік басқарудан өнеркәсіпке дейінгі кез келген салаға интеграцияланатын;
  • деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жергілікті серверлерде жұмыс істейтін;
  • компаниялардың қажеттіліктеріне бейімделіп қайта оқытылған нейрожелілерді пайдаланатын ЖИ-агенттерінің әмбебап платформасы.

Осы платформа қазірден білім беру, медицина, цифрлы басқару, маркетинг және киберқауіпсіздік, қаржы және логистика салаларына енгізіліп жатыр.
Ең маңыздысы, бұл шешім студенттердің зерттеулері мен командалық жұмысының қисынды жалғасы болды.
KOZ-AI студенттік зерттеу жұмыстарының бастамасынан өсіп жетіліп, бүгінде компаниялардың цифрлық трансформациясының бір бөлігіне айналуда. Бұл жоба университеттердің энергетикадан бастап, логистика мен саудаға дейінгі салалардың өнімділігін арттыруға қауқарлы шешімдер орталығына айналып жатқанын көрсетеді.


Үшінші тренд технологиялардың өзінен гөрі адамның жаңа жүйедегі рөліне байланысты.

3. Адами машықтар маңызының артуы: технологиялар автоматтандыруға келмейтінді күшейтеді

Дәл осы жерде ЖИ адамның орнын алмастырмай, керісінше оны күшейтетіні айқын көрінеді.
Қайшылықты жағдай: технологиялар қаншалықты дамыса, адамға тән қасиеттер – креатив, эмпатия, сыни ойлау, этика және жауапкершілік – соншалықты құнды бола түседі. Бұл идеяны Еуразия ұлттық университетінің командасы жасаған SignBridge жобасы айқын көрсетеді.
SignBridge: инклюзив қоғамға арналған ЖИ-сурдоау-
дармашы

  • компьютермен көру арқылы ым-ишараларды таниды;
  • оларды сол мезетте мәтінге немесе ауызша сөзге аударады;
  • есту қабілеті бұзылған адамдарға делдалсыз қарым-қатынас жасауға көмектеседі.

Бұл жоба – адами бағдарға негізделген технологиялық көшбасшылықтың жарқын үлгісі. Ол ЖИ-дің мақсаты адамды шеттету емес, керісінше оның мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамды әділеттірек әрі инклюзив ету екенін еске салады.

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына бағытталған жобалар дамып келеді.
Smart Safety Monitor – ЖИ негізіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттерінің жобасы нақты уақыт режімінде видеодеректерді талдайтын жүйе болып отыр:

  • қауіпті жағдайларды анықтау;
  • техника мен жұмысшылар қозғалысын бақылау;
  • жерасты кен жұмыстарында ағындарды автоматты басқару.

Жүйе сынақтан өтіп, өндірістік кәсіпорындарға енгізуге дайындалуда. Қазақстан алғаш рет Computer Vision және ЖИ-талдауына негізделген өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жергілікті шешіміне ие болып жатыр.
Медицина саласында да маңызды өзгерістер баршылық.
ZhanCare.AI – жаңа буындағы телемедицина платформасы.
Астана медицина университетінің студенттері жасаған бұл платформа:
*телемедицинаны;
*медициналық ақпараттық жүйені (MIS);
*клиникаларға арналған CRM-ді;
*дәрігер мен пациентке арналған ЖИ-ассистенттерді;

*кескіндерді талдауға арналған компьютермен көруді біріктіреді.

ZhanCare.AI қазірдің өзінде Астана мен Степногорск қалаларындағы клиникаларда енгізіліп, ауылдық өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету сынды негізгі мәселені шешуге септігін тигізіп жатыр. Бұл – елдегі ең әлеуметтік маңызы зор ЖИ-стартаптардың бірі.


Бұл шешімдер жеке-дара дүниелер емес, олар біртіндеп біртұтас жүйеге бірігуде.

ЖИ-лектор, KOZ AI, SignBridge, Smart Safety Monitor және ZhanCare.AI – жүздеген жобаның бірнешеуі ғана. Алайда олар университеттер рөлінің түбегейлі трансформацияланып жатқанын көрсетеді:

  • университет ЖИ-шешімдерін әзірлеу орталығына;
  • кампус – тәжірибелік цифрлық зертханаға;
  • студент – инженерге, зерттеуші әрі жасаушыға;
  • білім ұлттық технология қуатының көзіне айналады.

Қазақстан университеттерді, зерттеу орталықтарын және өндірістік кластерлерді бір контурға
біріктіретін жіктелген ғылыми-есептеу инфрақұрылымын қалыптастырып жатыр. Мұның барлығы бірігіп, бізді еліміздің негізгі өркениеттік таңдауына – тұтынушыдан жасампаздыққа қарай өтуге алып келеді.
Осылайша, Қазақстан жаңа үлгідегі жоғары білімнің ғана емес, еліміздің жаңа зияткерлік инфра-
құрылымын да қалыптастырып жатыр. Бұл модельдер арқылы университеттер технологиялық дамудың қозғаушы күшіне, студенттер шешімдердің авторына, ал ЖИ жаңа экономиканың тіліне айналады. Біз білімді ұлттық ресурсқа, ал инновацияны күнделікті тәжірибеге айналдыратын экожүйе құру үстіндеміз. Қазақстан ЖИ дәуіріне технологияларды пайдаланушы ретінде емес, өзінің отандық технологиялық траекториясын айқындайтын жасампаз ел ретінде нық қадам басып келеді.

Оқи отырыңыз

Қазақстан

Келер жылдан не күтесіз? Неден қауіп қыласыз?

2026 жылдың нақты «белгісіздік кезеңі». «Тоңазытқыш» факторы Қазақстанда 2026 жыл Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерге жол ашатын кезекті референдумға дайындық жағдайында
Қазақстан Серіктес пікірі

Әсет Шыңғысов: Қазақстанның географиялық орналасуы инвесторларды қызықтырады

Morgan Lewis фирмасының Алматы мен Астана қаласындағы офисінің басқарушы серіктесі Әсет Шыңғысов – елдің корпоративтік құқық саласындағы ең тәжірибелі мамандардың