Ежелгі грек карталарында Грузияның батыс жағалауындағы жұмбақ Колхида ретінде белгіленген жерде қазір жаңа курорттар мен премиум резиденциялар бой көтеріп келеді. Бір кездері бұл өңірге аргонавтар алтын елтірі алуға, зергерлік өнер құпияларын білуге келген, сауда-саттық қызу қайнаған. Ал бүгінде осы ендіктер бойымен Орта дәліз бағыттары өтіп, одақтас елдердің пойыздары мен контейнерлері жөнелтіледі. Ежелгі дәуірде Шығыс пен Батысты жалғаған жағалау XXI ғасырда да осы прагматикалық рөлін жалғастырып келеді.

Қазақстан — бұл жерде бақылаушы емес, серіктес. Оның ұлы даласы — құрлықтың жүрегі, Грузия — Қара теңізге ашылған терезенің бірі. Екеуінің ортасында Tbilisi Silk Road Forum-ында талқыланған Middle Corridor маршруты жатыр. Қазақстан — осы ең ірі бизнес-форумға негізгі қатысушылардың бірі. Логистика мен экономика тілінде алсақ, біздің елдеріміз бір бағытта жылжып келеді. Ал контейнерлер мен құбырлардан соңынан адамдардың — туристер мен инвесторлардың «жүруі» заңды құбылыс.

Бір кездері теңізшілердің көз жауын алған Батыс Грузия, тарихи Колхида, әлі күнге таңғалдырып келеді: жұмсақ климат, субтропиктік жасыл әлем, теңізге тірелгендей таулар. Қазақстаннан тікелей рейстер бар, демек таңертең шешім қабылдасаңыз, кешке қарай көне Петр қамалы қабырғаларының іргесінде толқын шуылын тыңдап отыра аласыз. Жартастар үстінде — византиялық цитадель қалдықтары, етегінде — суы мөп-мөлдір жағажайлар, эвкалипт тоғайлары, шай плантациялары. Цихисдзири курорты нимф пен эльф туралы ертегі фильмдеріне дайын декорация болатындай.

Кейінгі жылдары жағалау тыныш, бірақ айқын трансформациядан өтіп жатыр. Өткен ғасыр шипажайларының орнына резиденциялар, бутик-қонақүйлер мен заманауи SPA-орталықтар бой көтеруде. Соның жарқын мысалының бірі — Petra Sea Resort: ондаған гектар аумақта теңіз жағалауы кешендері орналасады, резиденциялар, апартаменттер, айлақ пен жағажай қарастырылған жеке инфрақұрылым салынады. Кешен аумағында Pullman халықаралық қонақүй желісі де ашылатыны белгілі. Жалпы, бұл Қара теңіз жағалауындағы ондаған «генералдар саяжайының» заманауи жаңа нұсқасы іспеттес, бірақ ендігіде саяжайды қажырлы еңбегінің өтеуі ретінде үкіметтік кезекке жазылып жылдар бойы күтпей-ақ, қалаған адам сатып ала алады.

Теңізден бөлек, Грузияда таулар да бар. Әрине, қазақстандықтар тау мен шаңғы курорттарына таңғала қоймас, бірақ Гудауриде Petra Gudauri қарқынды дамып жатыр. Онда Swissotel халықаралық бренді бар жаңа буын курорты ашылмақ, ал резиденциялар мен виллалар тау баурайында орналасады. Ski-in/ski-out форматы, SPA, мейрамханалар, камин аймақтары, жоталарды жағалайтын ғажайып көріністер — барлығы да ең керемет Альпі курорттарына ұқсайды. Бірақ Альпідей қашықта емес, Алматы мен Астанадан ұшақпен небәрі бірнеше сағатта жетесіз. Petra Sea мен Petra Gudauri байланыстыратын — теңіз бен тау, жаз бен қыс, бір елдің ішіндегі екі түрлі экожүйе мен эмоция.
Неліктен Грузияда демалу, ол жаққа инвестиция салу қисынды? Біріншіден, Қазақстан мен Грузия инфрақұрылым тұрғысынан әлдеқашан тығыз байланыс орнатқан: Middle Corridor, бірлескен жобалар, Грузия экономикасына қазақстандық компаниялардың қатысуы. Кез келген қаржылық салым Астана, Алматы мен Тбилисидің арасындағы қалыптасқан осы үдерісті қолдайды.

Екіншіден, Грузия — инвестициялар үшін өте-мөте тартымды ел. Табыс салығы компания дивиденд түрінде ақша шығарған кезде ғана төленеді, ал қайта инвестицияланған табысқа салық салынбайды. Ерекше жеңілдіктер де баршылық: салығы нөлге теңестірілген еркін индустриялы аймақтар, IT-компанияларға арналған арнаулы режімдер мен шағын бизнес үшін өте қарапайым жүйе енгізілген.
Үшіншіден, мұнда адамдармен араласу әдеттен тыс десе де болатындай, өте жайлы қарым-қатынас орныққан. Грузин қонақжайлылығы, олардың отбасына, балалар мен үлкендерге деген құрметі, берекелі дастарқан басына жиналу дәстүрі, «қонаққа барын тосу» қазақтар үшін аудармасыз-ақ түсінікті болар. Пейзаж өзгеруі мүмкін, дала теңізге немесе қарға ауысып жатады, алайда ең басты сезім өзгермейді: сен мұнда әрқашан өз адамдарыңның ортасында боласың.
Осылайша, мектеп оқулығы мен балалар кітабындағы Колхида бір жағынан пайдалы, екінші жағынан картадағы үлкен маңызға ие нүктеге айналады: мұнда инвестиция салуға да, мамыр мерекелерінде демалыс үшін ұшып келуге де, жазда балаларды теңізге әкелуге да, ал қыста тауларға қайта оралуға да болады. Тіпті күндердің бір күні осындағы резиденциялардың бірін «менің үйім» деп те айтатын боласыз.
Материалды Petra Batumi ЖШС ұсынған.

