Views: 1

Turning Points.kz сайты  – Turning Points Qazaqstan журналының ресми сайты.

Turning Points Qazaqstan  –  KAZMEDIA HOLDING  компаниясының The New York Times Licensing мен арадағы  лицензиялық келісімі негізінде  Қазақстанда жыл сайын қазақ және орыс тілінде жарық көретін журнал.  Компания аталған келісімге 2025 жылы қол жеткізді.  Журналда  The New York Times  ұсынған әлемдік сарапшылардың, Нобель сыйлығы лауреаттарының, мемлекет басшыларының, пікір көшбасшылары мен ойшылдардың жаһандық үрдістер мен болашақты айқындайтын өзекті сын-қатерлерге өз көзқарас-пайымдарын білдірген эсселері мен қазақстандық сарапшылардың болжамдары мен талдаулары жарияланады. 

KAZMEDIA HOLDING ЖШС 2012 жылы құрылған. Нарықта жоғары сапалы халықаралық контентті жергіліктендіру, баспа бизнесі және корпоративтік оқыту салаларына маманданған, әртараптандырылған медиа-компания ретінде жұмыс істеп келеді.

Компания The New York Times лицензиясымен жарық көретін Turning Points, сондай-ақ National Geographic журналдарының Қазақстандағы эксклюзивті құқық иесі. Сонымен қатар, көшбасшылық пен басқару дағдыларын дамыту саласында әлемдегі ең беделді шешімдер саналатын Harvard ManageMentor және Harvard Business Publishing Collection онлайн оқыту платформалары бойынша  Harvard Business Impact-тің серіктесі.

https://kazmediaholding.webflow.io/about-kz