Қазақстан

АҚШ капиталын тартқыңыз келсе, комплаенске дайын болыңыз

Views: 1

АҚШ инвесторлары өз бизнес-картасында Қазақстанға назар аудара бастады. Компанияңыз осы мүмкіндікті пайдалануға дайын ба, жоқ па? Америкалықтар қызығушылық танытқанымен, сіздің заң талаптарын сақтауға қаншалықты мән беретініңізге көз жеткізбейінше, мәміле жасалмайды.

Автор: Джон Х. Кестер – адвокат, Уошиңтон қаласындағы GKG Law, P.C. заң фирмасында санкциялар, кеден және сауда құқығы бойынша маман.

Инвесторлар үшін сіздің кіммен және қалай жұмыс істейтініңіз – жай ғана сенім мәселесі емес, АҚШ заңнамасының талабы да. Бұл заңдар АҚШ-тан тыс жерлерге де қолданылады: санкция салынған шетелдік құрылымдармен америкалық компаниялар мен азаматтардың мәміле жасауына шектеу қояды.

Сондықтан үш сұрақ туады

Серіктестеріңізді танисыз ба? АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) нысанаға алған Арнайы белгіленген тұлғалардың (SDN) серіктесіңіз немесе компанияңыздың директорлар кеңесінде болуы америкалық инвесторларды айнытуы мүмкін. Олардың дайын комплаенс-құралдары SDN-ді серіктестеріңізден немесе басқару органдарынан бірден анықтайды. Егер SDN компанияда үлеске ие болса, сол компанияның өзі, тіпті оның иелігіндегі өзге компаниялар да санкцияға ілінуі мүмкін. Ал SDN-мен бизнес жүргізсеңіз, сіздің компанияңыздың да санкция тізіміне түсу қаупі бар.

Банктер. Олардың операциялары мөлдір ме? Орталық Азиядағы санкцияға ілінбеген банктердің өзі ірі мәмілелерде санкцияланған банктерді делдал ретінде пайдалануы мүмкін. Егер осы тізбекте АҚШ банкі де болса, қаражатыңыз жылдар бойы бұғатталып қалуы немесе одан да ауыр салдарға әкеп соғуы ықтимал. АҚШ инвесторлары сіздің өз ақшаңыздың қозғалысын толық бақылауда ұстайтыныңызға сенімді болғысы келеді.

Жеткізу тізбегіңізді білесіз бе? Санкциядан бөлек, кең ауқымды шектеулер де бар.
Мысалы, Ұйғыр мәжбүрлі еңбегінің алдын алу туралы заң Қытайдың Шыңжаң өңірінде өндірілген компоненттерде мәжбүрлі еңбек пайдаланылған деген болжамды негізге алады. Мұндай компоненті бар өнімдер импортын АҚШ шектеуі мүмкін.

Кез келген ұқыпты АҚШ инвесторы сіздің компанияңызбен заңды түрде жұмыс істей алатынын және сіздің өзіңізде де мықты комплаенс тексерістері бар-жоғын тексереді. Сіз бұған дайынсыз ба?

Оқи отырыңыз

Қазақстан

Келер жылдан не күтесіз? Неден қауіп қыласыз?

Views: 0 2026 жылдың нақты «белгісіздік кезеңі». «Тоңазытқыш» факторы Қазақстанда 2026 жыл Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерге жол ашатын кезекті референдумға
Қазақстан Серіктес пікірі

Әсет Шыңғысов: Қазақстанның географиялық орналасуы инвесторларды қызықтырады

Views: 0 Morgan Lewis фирмасының Алматы мен Астана қаласындағы офисінің басқарушы серіктесі Әсет Шыңғысов – елдің корпоративтік құқық саласындағы ең