Қазақстан Серіктес пікірі

Silk Towers: Сәулет өнері мен көкжиек түйіскен мекен

Views: 0

Қара теңіз жағалауындағы бірегей инвестиция.

Әрқайсымыз да толқын шуылы қалықтаған шағала дауысынан оянып, теңіз бен аспан астасқан көкжиекке көз тастап тұрар сәтті армандаймыз.  Silk Towers–армандағы өмір салты ғана емес, ол – Қара теңіз жағалауындағы стратегиялық инвестиция салу мүмкіндігі де.

Батумидің жағалау сызығындағы ең таңдаулы 10 гектар аумақта орналасқан Silk Development компаниясының бұл ауқымды көпфункциялы кешені премиум кластағы мұнаралы тұрғын үйлер мен абаттандырылған қоғамдық кеңістіктерден (соның ішінде 2 гектарлық саябақ), заманауи сауда және ойын-сауық аймақтарынан тұрады. Өңірдегі ең ірі казино мен жеке яхта клубы да кешенді толықтыра түсетіндіктен, жоба жыл бойы демалуға болатын бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Silk Towers жобасын Токиодағы Олимпиада стадионы мен Louis Vuitton-ның жаһандық штаб-пәтері сияқты айрықша ғимараттардың авторы, әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Кенго Кума (Kengo Kuma & Associates) жобалаған. Silk Towers – бұл студияның Грузиядағы алғашқы жобасы. Сәулет өнері мен табиғаттың үйлесімін тапқан жоба дизайны оны  Қара теңіз жағасындағы ең көрнекті люкс нысандардың біріне айналдырған.

Кешен Көне Батумидің қақ ортасында, қаланың ең танымал «Әли мен Нино» мүсінінің дәл қасында орналасқан. Бұл – осындай премиум локациядағы құрылыс салуға арналған ең соңғы жер телімі. Жағажайлар, басты туристік нысандар, бизнес орталықтар мен түнгі өмірдің ошағы – бәрі де қол созым жерде.

Жобаның ерекшелігі сол, кешеннің тек 46%-ы ғана жеке резиденцияларға арналған. Қалған аумақтың бәрі жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейтін инфрақұрылымға бөлінген. Даниялық MASU Planning студиясы жобалаған 2 гектарлық саябақ қазірдің өзінде келушілерге есігін айқара ашты. Құрылысы жүріп жатқан жеке яхта клубы жобаның курорттық мәртебесін одан сайын асқақтата түспек. Сонымен қатар мұнда жабық және ашық бассейндер, спа және фитнес орталықтары, падель-корттар, жоғары деңгейлі дүкендер, мейрамханалар мен барлар болады. Жүздеген көрерменге арналған көпфункциялы концерт залы Silk Towers-ті халықаралық деңгейдегі іс-шаралар орталығына айналдырады.

Silk Towers-тің ауқымын бағалау үшін Батумидің бүгінгі әлеуетін түсіну керек. Қала инфрақұрылымның дамуы ментуристер легінің қалыпты өсімінің, халықаралық қолжетімділіктің арқасында Грузияның ең жылдам дамып жатқан туристік бағыты саналады. Батумидегі жылжымайтын мүлік нарығы жалдау табыстылығы жағынан Анталия, Лимассол және Порту сияқты танымал қалалардан асып түседі.

Инвесторлар үшін Silk Towers тек әдемі оқиға емес, нақты табыс көзі. Грузияда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу арқылы меншік құқығын иелену және резиденттік алу барынша жеңілдетілген. Ел бизнес жүргізу мен инвестиция салу жеңілдігі бойынша әлемдегі ең үздік 10 мемлекет қатарына кіреді. Елдің салық жүйесі де өте тиімді: бөлінбеген пайдаға – 0%, ал дивидендтерге тек 15% салық салынады.

Cushman & Wakefield сараптамасына сүйенсек, Silk Towers панорамалық көрінісі бар премиум пәтерлерден 12%-ға дейінгі жылдық табысты қамтамасыз етеді.  Ал 10 жылдық перспективада жалдау табысы мен нысанның құнын қайта сатуды есептегендегі жалпы кіріс 16%-ды құрамақ. Міне, сондықтан да Silk Towers Қара теңіз жағалауындағы жылжымайтын мүлікке салынған ең сенімді әрі табысты инвестициялық мүмкіндіктердің бірі болып саналады.

Жобаның девелопері – Грузиядағы ең ірі әрі мейлінше әртараптандырылған холдингтердің бірі Silk Road Groupқұрамына кіретін Silk Development. Холдингтің негізін қалаған қазіргі төрағасы Георгий Рамишвили болса, негізгі акционерінің бірі – Еркін Тәтішев. Топ құрамына Silknet, Silk Bank, Silk Road Energy сияқты түрлі саладағы жетекші компаниялар кіреді. Жуырда холдинг 400 миллион долларлық халықаралық облигацияларын нарықта сәтті орналастырды.

Silk Towers-тегі қызмет көрсету мен өмір салтын басқаруға Radisson Blu және Radisson Collection сияқты брендтерді басқаратын Silk Hospitality жауаптанған. Бұл резиденция иелері үшін сервис пен сапаның жоғары стандарттарының кепілдігі деуге болады.

Silk Towers – бұл заманауи дизайн, бірегей локация және сенімді инвестиция тоғысқан нүкте. Бұл жай ғана жылжымайтын мүлік емес, бұл – тарихы бар мекен әрі болашаққа салынған тұрақты капитал.

Silk Towers туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз:  https://www.youtube.com/watch?v=SBf4g1zJTk8

Оқи отырыңыз

Қазақстан

Келер жылдан не күтесіз? Неден қауіп қыласыз?

Views: 0 2026 жылдың нақты «белгісіздік кезеңі». «Тоңазытқыш» факторы Қазақстанда 2026 жыл Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерге жол ашатын кезекті референдумға
Қазақстан Серіктес пікірі

Әсет Шыңғысов: Қазақстанның географиялық орналасуы инвесторларды қызықтырады

Views: 0 Morgan Lewis фирмасының Алматы мен Астана қаласындағы офисінің басқарушы серіктесі Әсет Шыңғысов – елдің корпоративтік құқық саласындағы ең