Қазақстан Серіктес пікірі

Зарина Алиева: Икемді фитнес – денсаулық сақтаудың жаңа мәдениеті

Views: 0

Қазіргі таңда Қазақстанда бұқаралық спортқа қызығушылық артып келеді. Әсіресе, ірі қалаларда фитнес орталықтар кең таралған. Сонымен қатар тұрғындарға тиімді жаттығу жасауға мүмкіндік беретін қызмет көрсету жүйелері де іске қосыла бастады. Осындай жобаның бірі – 2019 жылы Әзербайжанда негізі қаланған Push30 стартапы. Компания корпоративтік фитнеспен айналысуға B2B бағытындағы шешім ұсынады. Жоба Қазақстанға қалай келді, нендей мәселелерге кездесіп, қандай шешімдер ұсынғаны жөнінде Push30 Expansion бөлімінің басшысы Зарина Алиевамен әңгімелескен едік. 

– Push30 идеясы қайдан шықты? Қалай басталды?

– Push30 идеясы Бакуде қарапайым, бірақ өте кең таралған қажеттілікке жауап ретінде пайда болды. Адамдар спортпен кез келген уақытта айналысқысы келеді. Алайда нарықта ұзақ уақыт бойы «бір зал – бір келісімшарт» деген қатаң қағидат қалыптасты. Алғашында барынша практикалық қажеттілікке жауап беруді көздедік. Фитнес-клубтармен келісімдер жасалды, сұраныс сынақтан өтті, есепке алудың қарапайым құралдары қолданылды. Мінсіз интерфейске басымдық бергеніміз жоқ. Нарықтың фитнеспен айналысудың жаңа логикасына қаншалықты дайын екенін тексердік. Біз ұсынған модель шынымен жұмыс істейтініне көз жеткізгеннен кейін, оны басқа елдерде ашуға кірістік.

– Қазақстан нарығы қай жағынан қызықтырды? 

– Қазақстан – өңірдегі ең дамыған, төлем қабілеті жоғары нарықтың бірі. Мұнда фитнес индустриясы айтарлықтай орныққан. Мықты клубтар бар, сұраныс пен wellness-қызметтерді тұтыну мәдениеті түсінігі қалыптасқан. Осы орайда, B2B бағыты бойынша мүмкіндіктің өте жоғары екенін байқадық. Қызметкерлердің денсаулығын ойлап, адамдарды белсенді әрі саналы өмір салтына тартудың жолдарын қарастыратын компаниялар көбейген. 

Ерекше атап өтетін мәселе, қазір Қазақстандағы HR-қоғамдастық қызметкерлердің қанағаттануы мен командалық әл-ауқатқа көбірек мән беріп отыр. Бұл біз үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі Push30 – фитнес жазылымы ғана емес, толыққанды wellness-алаңы.

– Бәсекелестіктегі негізгі артықшылықтарыңыз қандай? 

– Push30-дың басты артықшылығы – икемділік. Пайдаланушы тек бір залға жазылмайды. Керісінше, түрлі спорт түрлеріне қол жеткізеді. Жаттығу залдарынан бастап йога, пилатес және теннис секілді бағыттар түгел қамтылған. 

Екінші маңызды бағыт, корпоративтік салаға ерекше назар аударамыз. Бұл тұрақты модель құруға мүмкіндік береді. Бизнеске де, пайдаланушыларға да тиімділігі анық. Үшіншіден, бізде «залдар тізімі» ғана емес, сонымен қатар келушілерді есепке алу, биллинг және талдау жүргізетін толыққанды жүйе бар. Бұл серіктестерімізге алаңын тиімді пайдалануға, ал жұмыс берушілерге өнімді қолдану бойынша қызметкерлердің динамикасын бақылауға көмектеседі.

– Бұқаралық спорт саласындағы қазіргі тенденциялар мен трендтер туралы айта кетсеңіз.

– Бірқатар тұрақты тренд байқадық. Біріншіден, классикалық фитнестен функционалдық және менталдық денсаулыққа қарай бетбұрыс бар. Мысалы, йогаға, пилатеске, стретчингке, тыныс алу тәжірибелеріне сұраныс артып келеді. Екіншіден, корпоративтік wellness қарқынды дами бастаған. Компаниялар қызметкерлердің денсаулығын бонус ретінде емес, инвестиция ретінде қабылдай бастады. Үшіншіден, адамдар икемділікті барған сайын жоғары бағалайды. Ұзақ мерзімді келісімшарттар мен үзіліс үшін айыппұл арқалау оларға қажет емес. Фитнес маусымдық жаттығу болудан қалып, өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды.

– Қазақстандағы серіктестер мен фитнес орталықтарын тарту процесі қалай өтті және қандай негізгі қиындықтар болды?

– Негізінен Push30-дың нарықта жаңа бренд болғаны аздаған қиындық туғызды. Осындай тәсілге және оның бір реттік бастама емес, ұзақмерзімді әріптестік екеніне серіктестердің сену үшін біраз уақыт кетті. Бізге құрылымдық тәсіл көмектесті. Оларға жай ғана идеямен барғанымыз жоқ. Экономикасы айқын модель, нақты үдерістері бар, залдарға корпоративтік клиенттер секілді жаңа аудиторияны тарту жөніндегі ұсынысымызды апардық. Бұған қоса, басқа нарықтарда жинақталған сәтті тәжірибеміз де көмектесті. Нақты кейстер мен деректерді көрсеткеннен кейін сенім деңгейі бірден артты. Нәтижесінде жүйелі тәсіл мен нақты көрсеткіштердің үйлесімі Қазақстанда мықты серіктестік желі қалыптастыруға мүмкіндік берді.

– Қазақстандағы тұтынушылардың денсаулыққа және фитнеске көзқарасы басқа елдерден өзгеше ме?

– Иә, бұл анық сезіледі. Қазақстанда бағаға сезімталдық жоғары әрі рационалдық басым. Адамдар ақшасына нақты не алып отырғанын дәл түсінгісі келеді. Қызметті пайдаланудың барынша жеңіл әрі түсінікті болуы маңызды. Сонымен қатар мұнда топтық тәсілдерге сұраныс ерекше жоғары. Есесіне, пайдаланушылардың адалдығы өте мықты. Егер сервистің құндылығын түсінсе, ұзақ уақыт бойы пайдаланады.

– Push30-тың Қазақстандағы баға саясаты мен тариф жоспарлары жергілікті сатып алушылық қабілетке қаншалықты икемделеді?

– Толықтай бейімделді. Біз жазылу ақысын төмендеттік. Қызметтер топтамасын жергілікті сұранысқа сай қайта құрастырдық. Жазылу құнының бір бөлігін көбіне жұмыс беруші өтейтін корпоративтік топтамаға басымдық бердік. Бағаны жергілікті жағдайға бейімдеу жеңілдіктер жөнінде ғана емес, тұрақты өсімге негізделген модельге қатысы бар. 

– Қазақстанда Push30-дың қолданушылары арасында қандай қызметтер ең көп сұранысқа ие?

– Қазақстанда топтық бағыттар кең таралған. Ең әуелі, йога мен пилатеске сұраныс жоғары. Жалпы алғанда, пайдаланушылар тек физикалық жүктемемен шектелмей, сонымен қатар ләззат алу, әлеуметтену және менталдық қалпына келу элементтері бар форматтарды белсенді таңдайды.

– Қазақстандағы тәжірибе Push30-тың басқа ТМД елдеріне шығу жоспарларына әсер етті ме?

Әрине, әсерін тигізді. Қазақстан біз үшін өнімді қайта ой елегінен өткізетін маңызды нарыққа айналды. Біз end-to-end пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға басымдық бере бастадық. Онбординг пен брондаудан бастап, жаттығудың өзіне және одан кейінгі кері байланысқа дейінгі бүкіл шешімді қамтыдық. Сондай-ақ нарықтың даму трендтері мен пайдаланушылардың нақты мінез-құлқын ескеріп, жаңа ерекшеліктер мен функционалдар қосу арқылы өнімді белсенді түрде жетілдіріп келеміз. Дәл осы тәсілді енді басқа елдерде қызметімізді қосқанда негізге аламыз. 

Оқи отырыңыз

Қазақстан

Келер жылдан не күтесіз? Неден қауіп қыласыз?

Views: 0 2026 жылдың нақты «белгісіздік кезеңі». «Тоңазытқыш» факторы Қазақстанда 2026 жыл Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерге жол ашатын кезекті референдумға
Қазақстан Серіктес пікірі

Әсет Шыңғысов: Қазақстанның географиялық орналасуы инвесторларды қызықтырады

Views: 0 Morgan Lewis фирмасының Алматы мен Астана қаласындағы офисінің басқарушы серіктесі Әсет Шыңғысов – елдің корпоративтік құқық саласындағы ең