Turning Points: Global Agenda 2026

Викторина: Топ жаңалықтардан тыс оқиғалар

(Esteban Plazibat)

Views: 1

Топ-жаңалықтардан тыс қалған оқиғаларды оқып жүрдің бе? Жыл соңындағы викторинаға қатысып көріңіз


БҰЛ ОҚИҒАЛАР БІРІНШІ БЕТКЕ ШЫҚПАҒАНЫМЕН, ӘСЕР ҚАЛДЫРҒАНЫ АНЫҚ.

2025 жылы ең қызу талқыланған жаңалықтар мен оқиғалардың кейбірі газет-сайттардың бірінші бетіне шықпағанымен, елдің есінде қалды. Буэнос-Айрестің шет аудандарын мекендейтін интернетте хит болған кеміргіштен бастап, АҚШ-та орта мектеп стилінің қайта трендке айналуына дейін адамдар әңгімеге қылған оқиғаларды қаншалық білетініңді тексеріп көр.

1. Жойылып кеткен мамонтты қайта тірілтуге талпынып жатқан Colossal Biosciences компаниясы жүндес мамонт гендерін мына жануарға енгізді:

A. Зебраларға, «жүндес зебра» жасау үшін
B. Шимпанзелерге, «жүндес маймыл» жасау үшін
C. Иттерге, «сабалақ ит» жасау үшін
D. Тышқандарға, «жүндес тышқан» жасау үшін

2. Сәуір айында поп-жұлдыз Кэти Перри мен журналист Гейл Кинг тарихқа енген алты әйелдің қатарында болып, интернетте қызу талқыға түсті. Олар не істеген еді?

A. Тұңғыш рет толық әйелдер құрамымен жеке коммерциялық ғарыш сапарын аяқтады
B. 500 миллион долларлық яхтамен Атлант мұхитын бес апта бойы тікелей эфирде жүзіп өтті
C. Әйелдердің құқықтарын қолдау үшін GoFundMe науқанын бастады
D. Қызылша ауруына назар аударту үшін «полка-дот» тақырыбындағы қайырымдылық концертін өткізді

3. Буэнос-Айрестің ауқатты шет аудандарын мекендеп, оларды жаппай ұрықсыздандыру шараларына себеп болған интернетте хитке айналған қандай кеміргіштер?

A. Егеуқұйрықтар
B. Құндыздар
C. Суырлар
D. Капибаралар

4. Микропластиктердің зияны туралы зерттеулер жылдан-жылға көбейіп келеді. Ақпанда жарияланған ғылыми жұмысқа сәйкес, қайда шамамен бес су бөтелкесінің қақпағындай пластик бар деп есептелді?

A. Адам жүрегінде
B. Адам миында
C. Мұхиттағы сүтқоректілердің 80%-ының өкпесінде
D. 1–5 жас аралығындағы балалардың ағзасында

5. Anthropic компаниясының бас директоры Дарио Амодей мамыр айында болжамын жариялады. Оның айтуынша, жасанды интеллекті дамуы 2030 жылға қарай нені өзгертуі мүмкін?

A. Барлық азаматқа жаппай негізгі табыс енгізуге мәжбүр етеді

B. Бастапқы деңгейдегі кеңселік жұмыс орындарының жартысын жояды
C. Мектеп мұғалімдерінің жартысынан көбін алмастырады
D. Адам көмегінсіз өзін-өзі бағдарламалайтын болады

6. K-pop тобы BTS-тің барлық жеті мүшесі үш жылдық үзілістен кейін шілде айында қайта бас қосты. Олар не үшін ыдыраған еді?

A. Романтикалық жанжал
B. Топтың екі мүшесі тәуелділіктен емделді
C. Әрқайсысы міндетті әскери қызметін өтеуі қажет болды
D. Шығармашылық келіспеушіліктер

7. Пәкістанда рухани тәжірибемен айналысатындар үкімет не нәрсеге тыйым салмақ болғаны үшін абыржып қалды?

A. Шайтан шіркеуі
B. Психотерапия
C. Ғимарат ішінде шам жағу
D. Қара магия

8. Төмендегі орта мектеп стильдерінің қайсысы АҚШ-та қайтадан трендке айналды?

A. Сымтемірлі брекеттер
B. Біріккен қас
C. Беттегі безеулер
D. Дөңгелекті рюкзактар

9. 2025 жылғы Eurovision ән байқауында қай ән жеңіске жетті?

A. Швейцариялық Немоның “The Code” әні

B. Эстониялық Томми Кэштің “Espresso Macchiato” әні

C. Израильдік Юваль Рафаэльдің “New Day Will Rise” әні

D. Аустриялық JJ-дің “Wasted Love” әні

10. Қай экотренд суперфуд тапшы болып, дүкен сөрелерінен жоғалып, бағасы шарықтап кетті?

A. Кейл (қырыққабат түрі)
B. Авокадо
C. Матча
D. Балдыр

11. Тамыз айында жарияланған ғылыми мақалада “блум” деген жаңа оригами үлгілері табылғаны хабарланды. Бұл үлгілер болашақта қандай мақсатқа пайдалы болуы мүмкін?

A. ДНҚ секуенирлеу бойынша жаңалықтар ашуға
B. Ғарышқа жіберілетін ірі құрылымдарды жобалауға
C. Саңырауқұлақтардыкоммерциялық мақсатта қолданудың жаңа жолдарын анықтауға
D. Гүлдердің болашақта қалай эволюцияланатынын түсінуге

12. Лабубу жаһандық сенсацияға айналды. Олар не?

A. Жанрларды араластыратын жаңа бойз-бенд
B. Жасөспірімдер жиі киетін шалбар түрі
C. Жиналмалы жұмсақ ойыншық-қуыршақтар
D. Интернетте кең таралған протеин батондар

13. Мартаз-Винъярд тұрғындарының жаппай веган болуына не себеп болды?

A. Құс тұмауының күрт артуы
B. Жануар өнімдеріне салынған жаңа тарифтер
C. Қызыл кене шаққаннан кейінгі ет пен сүтке аллергия
D. Атақты аспаз ашқан үш Мишлен жұлдызды веган мейрамханасының ашылуы

14. Қай технологиялық компания тарихта алғаш болып нарықтық құны 5 триллион долларға жеткен жария компания болды?

A. Microsoft
B. Apple
C. OpenAI
D. Nvidia

15. Испанияның Севилья қаласы тұрғындары қай жергілікті қазынаның сәтсіз қалпына келтірілгеніне қатты ашуланды?

A. Кірпіктерін ұзартып, қас-қабағын қою етіп бояған Қасиетті Дева Мария
B. Ашық түсті гаргойльдермен «әрленген» Севилья соборы

C. Тарихи плиткаларының 30%-ы жоғалған Алькасар сарайы
D. Бұқаларға арналған барлық қоныс аймағы алынып тасталған коррида аренасы

ЖАУАПТАР:

1. Жауабы: D

Colossal Biosciences мамонттың кейбір қасиеттерін, соның ішінде қалың жүнін, зертханалық тышқандарға енгізді. Бұл — CRISPR технологиясын пайдаланып, 2028 жылға қарай мамонтқа ұқсас жануарды дүниеге әкелу жөніндегі үлкен жобаның бір бөлігі.

2. Жауабы: A

Blue Origin экипажы (Justin Hamel/The New York Times)

Алты әйелден құралған топ Джефф Безостың жеке компаниясы Blue Origin басқарған зымыранмен ғарышқа ұшып, шамамен 10 минуттан кейін жерге аман-есен оралды. Бұл оқиға интернетте тез тарады, бірақ көпшіліктің сынына да қалды: біреулер оны орынсыз, аса қымбат әрі «әйелдердің күшін» дәріптеу идеясына сәйкес келмейтін әрекет деп бағалады.

3. Жауабы: D

Нордельтадағы капибаралар. (Anita Pouchard Serra/The New York Times)

Капибаралар — Оңтүстік Америкаға тән, иттің көлеміндей кеміргіштер. Нордельта элиталық жабық ауданында көбейіп, балалар ойын алаңдарында жайылып, көшелерді кесіп өтіп, теннис корттарының маңын еркін кезіп жүрді.

4. Жауабы: B

Пластик қалдықтары. (David Maurice Smith/The New York Times)

Nature журналы жариялаған бұл зерттеу адам миынан микропластик табылғанын көрсетті. Биыл микропластиктің қаншалықты зиянды әрі кең таралғаны туралы тағы бірнеше зерттеу жарияланды. Енді ғалымдар оның адам денесіне тигізетін нақты залалын анықтауға тырысып жатыр.

5. Жауабы: B

Бос жұмыс орны. (Gabriela Bhaskar/The New York Times)

Биыл жұрт Дарио Амодейдің «ЖИ-дың дамуымен алдағы 1–5 жыл ішінде бастапқы деңгейдегі кеңселік жұмыс орындарының жартысы жойылып кетуі мүмкін» деген болжамын қызу талқылады.

6. Жауабы: C

BTS тобының мүшелері V және RM (Reuters/Kim Hong-Ji)

BTS жанкүйерлері 21 маусымда Шуга Оңтүстік Корея армиясындағы міндетті әскери қызметін аяқтаған кезде ерекше қуанды. Ол әскерден соңғы болып оралған топ мүшесі болды.

7. Жауабы: D

Пәкістан үкіметі қара магияға тыйым салуды қолға алып, оны қоғамның тұтастығына қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Наурызда Сенат бұл тәжірибеге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасын мақұлдады.

8. Жауабы: A

Түрлі түсті резеңкелері бар классикалық темір брекеттер биыл қайта сәнге айналды. Орта мектеп оқушылары кейінгі жылдары танымал болған мөлдір элайнерлердің орнына дәл осы «сымды күлкіні» жиі сұрай бастаған.

9. Жауабы: D

JJ, Аустриядан. (Reuters/Denis Balibouse)

Аустрия биыл Израильді аз ғана айырмашылықпен басып озып, JJ орындаған жаралы жүрек туралы драмалық «Wasted Love» әнімен жеңіске жетті.

10. Жауабы: C

Матча. (Eric Helgas/The New York Times)

Кейінгі жылдары суперфуд ретінде танылған матчаға сұраныс күрт өсті. Бұған әсіресе әлеуметтік желілердегі трендтер ықпал етті.

11. Жауабы: B

Proceedings of the Royal Society A журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, блум- оригами үлгілерінің гүлге ұқсайды гүлге ұқсайтыны және өте ықшам, жалпақ формаға бүктелетіні айтылған. Ғалымдардың айтуынша, дәл осындай бүктеу тәсілі болашақта үлкен ғарыш телескоптары сияқты құрылымдарды жобалауда қолданылуы мүмкін.

12. Жауабы: C

Лабубулар (Sonny Figueroa/The New York Times)

Лабубу кейінгі бір жылда ғаламдық хитке айналды, олар онлайн сатылымға шыққан соң бірнеше минут ішінде-ақ сатылып кетеді. Бұл коллекциялық жұмсақ ойыншықтар.ды қытайлық Pop Mart компаниясы шығарады.

13. Жауабы: C

Лоң-стар кенесінің шағуы Массачусетс штатының осы аралының кейбір тұрғындарында ет пен сүт өнімдеріне қатты аллергия (альфа-гал синдромы) тудырып жатыр. Бұл індет өңірдегі тамақтану және сатып алу әдеттерін түбегейлі өзгертіп жіберді.

14. Жауабы: D

Nvidia GTC көрме залы. (Mike Kai Chen/The New York Times)

ЖИ чиптерінің жетекші өндірушісі Nvidia қазан айында нарықтық құны 5 триллион долларға жеткен алғашқы жария компания болды. Бұл көрсеткіш Уолл-стриттің генератив ЖИ-дің болашағына деген зор сенімін көрсетеді.

15. Жауабы: A

Макарена ескерткіші. (Ilvy Njiokiktjien/The New York Times)

Маусым айында Севильяның көпшілік жақсы көретін Макарена атты Қасиетті Мария мүсіні қалпына келтіру жұмыстарына жіберілген. Алайда ол көзі, терісі мен мұрны өзгертіліп қайтып келді, бұл жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды.

Оқи отырыңыз

Turning Points: Global Agenda 2026

Тәтті ұйқы деуге келмейді

Ақиқат аса маңызды, әсіресе қазір. Біз ақыл-ойды менсінбеу, қудалау мен қисынсыздық белең алған кезеңде өмір сүріп отырмыз деп ойлаймын.
Turning Points: Global Agenda 2026

Жыл фотолары

Views: 0 Автор: Ребекка Кацман Turning Points: Global Agenda 2026 ҚАҢТАР: ЛОС-АНДЖЕЛЕС ОТҚА ОРАНДЫ Жойқын жел әсерінен бірнеше орман өрті